"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 1092 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 07 қазандағы N 152 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 12 қазанда N 4277 тіркелді. Қолданылу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2012 жылғы 26 маусымдағы N 13-11/2874 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2012.06.26 N 13-11/2874 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 1092 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4267 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірінде "Сыр бойы" газетінде N 68-69 және "Кызылординские вести" газетінде N 58-59 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшасындағы:
      облыстық шақыру комиссиясының құрамына "Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің заңгер - кеңесшісі Теңізқұлов Нұрлан Ержанұлы (келісім бойынша) комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      аталған комиссия құрамынан Ршауов Мыңділда Сағидуллаұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                    Б. Қуандықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қызылорда облысының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.Н. Саутбеков___________________
      2011 жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады