Қызылорда қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қызылорда қаласы мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 51/3 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 2524 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қаңтарда N 10-1-203 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 5/1 қорытындысына сәйкес Қызылорда қаласы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 16.07.2013 N 19/5 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 16.03.2013 N 589 қаулысымен (қаулы мен шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жібек жолы көшесіне перпендикуляр, Түркістан көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Жетібай Өндірбаев есімімен аталсын.
      2. Мырқы Исаев көшесіне перпендикуляр, Түркістан көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы екінші көше Шынтас Жалғасбаев есімімен аталсын.
      3. Мырқы Исаев көшесіне перпендикуляр, Түркістан көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы үшінші көше София Мақашева есімімен аталсын.
      4. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Есенгелді Шілдебаев есімімен аталсын.
      5. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы екінші көше Қарағайлы көшесі болып аталсын.
      6. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы үшінші көше Жақсыбай Құлымбетов есімімен аталсын.
      7. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы төртінші көше Абдулла Шорағазы есімімен аталсын.
      8. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бесінші көше Ақшабұлақ көшесі болып аталсын.
      9. Қорқыт ата көшесіне перпендикуляр, Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Әлмағамбет Ахметов есімімен аталсын.
      10. Бибігүл Мәтенова көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Әнес Алтынбеков есімімен аталсын.
      11. Сұлтан Бейбарыс көшесіне перпендикуляр, Елеу Көшербаев көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы үшінші көше Жүсіп Бисариев есімімен аталсын.
      12. Жібек жолы көшесіне перпендикуляр, Жетісу көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Сейтқасым Жүнісов есімімен аталсын.
      13. Зейнулла Шүкіров көшесіне перпендикуляр, Елеу Көшербаев көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Серікбай Бедебеков есімімен аталсын.
      14. Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесіне перпендикуляр, Төлеген Тоқтаров көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы екінші көше Қаналы болыс есімімен аталсын.
      15. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Қосасар көшесі болып аталсын.
      16. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы екінші көше Тұмарөткел көшесі болып аталсын.
      17. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы үшінші көше Бәйгеқұм көшесі болып аталсын.
      18. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы төртінші көше Қаратал көшесі болып аталсын.
      19. Жас алаш газеті көшесіне перпендикуляр, Қорқыт ата көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бесінші көше Жастар көшесі болып аталсын.
      20. Астана даңғылыана параллель оң жағындағы бірінші көше Жақсылық Бекқожаев есімімен аталсын.
      21. Астана даңғылына перпендикуляр, Амангелді Иманов көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы көше Сағат Боханов есімімен аталсын.
      22. Астана даңғылына перпендикуляр, Елеу Көшербаев көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көше Базарбай Сарбасов есімімен аталсын.
      23. Астана даңғылына перпендикуляр, Елеу Көшербаев көшесіне параллель сол жағындағы бірінші көше Хамза Сыздықов есімімен аталсын.
      24. Астана даңғылына перпендикуляр, Амангелді Иманов көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Жақсылық Түменбаев есімімен аталсын.
      25. Амангелді Иманов көшесіне перпендикуляр, Әбдіғаппар Ділманов көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Халипа Түлкібаева есімімен аталсын.
      26. Астана даңғылына перпендикуляр, Жеңіс көшесінің сол жағында параллель орналасқан бірінші көше Толысбек Мырзабекұлы есімімен аталсын.
      27. Тұрар Рысқұлов көшесінің сол жағында параллель орналасқан бірінші көше Ерназар Жүнісұлы есімімен аталсын.
      28. Осы "Қызылорда қаласының көшелеріне атау беру туралы" бірлескен Қызылорда қалалық мәслихатының шешімі мен Қызылорда қаласының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шынтасов Жасұлан Қанибайұлына жүктелсін.
      29. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      кезекті ХХХХХІ
      сессиясының төрағасы                 М. КӘРІМБАЕВ

      Қызылорда қаласының әкімі            М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                 И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады