Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурызда № 124 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басармасында 2011 жылғы 13 сәуірде № 9-18-131 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1923-баптарына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2011 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге шақыру жөніндегі шараларды өткізу ұсынылсын.
      3. Селолық округтердің, селолар, кент әкімдері азаматтардың комиссияға келуін қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Таран ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) әскери қызметтен жалтарып жүрген тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз етсін;
      2) шақырылушыларды әскери бөлiмдеріне жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
      5. "Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Таран ауданының әкімі                      А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министрлігі Қостанай облысы
      ішкі істер Департаментінің
      Таран ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Т. Жаңғлышев

      "Қостанай облысы Таран ауданының
      қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесiнің бастығы
      _______________ О. Имашев

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Таран аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _______________ Н. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады