Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 25 жыл толуына орай бір реттік материалдық көмек көрсету туралы

Жаңа

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXX кезектен тыс сессиясының 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 424 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 мамырда N 892 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес және Алматы қаласы әкімінің ұсынысын қарап IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 25 жыл толуына орай Алматы қаласында тұрақты тұратын және белгіленген тәртіппен тіркелген келесі санаттағы азаматтарға бір реттік материалдық көмек белгіленсін:
      1) 1986-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардабын жоюға қатысқандарға және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болғандарға 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
      2) Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардабын жою барысында қаза тапқан ата-аналарына, жұбайларына (зайыбына), қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде.
      2. Бір реттік материалдық көмек көрсету Алматы қаласының бюджеті есебінен «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қалалық бөлімшесінің аталған санаттағы азаматтардың тізімі туралы берген мәліметінің негізінде жүзеге асырылады.
      3. Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ағымдағы жылдың 10 маусымынан кешіктірмей материалдық көмекті уақытылы төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қоғамдық келісім мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасына Е.Тәжиевқа және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының кезектен тыс XXXХ
      сессиясының төрағасы                    Н. Бейсембина

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады