Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 914 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.04.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "2012 жылға арналған" сөздері алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 2012.12.12 № 77 шешімімен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 101-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 21.11.2018 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырсын.

      2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 379 "2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 871 болып тіркелген және "Алматы ақшамы" газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 2 және "Вечерний Алматы" газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 3 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.

      5. Осы шешім 2012 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХХХХ сессиясының төрағасы
Д. Петрухин
      IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

  IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXXX сессиясының
2011 жылғы "07" желтоқсандағы
№ 491 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Aлматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақы мөлшерлемелері

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (AЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (AЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Aзот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Aммиак

24


14.

Aлты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6


      2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиді

200

6.

Күйе

240

7.

Күкіртсутек

1 240

8.

Меркаптан

199 320

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 21.11.2018 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№ р/с

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлемелері, (AЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24


      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№ р/с

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (AЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Aлюминий

54


      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№ р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (AЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1

Трансуранды


0,76

2.2

Aльфа-радиоактивті


0,38

2.3

Бета-радиоактивті


0,04

2.4

Шынақты радиоактивті көздер


0,38


IV сайланған


Алматы қаласы мәслихаты


ХХХХХ сессиясының төрағасы

Д. Петрухин

IV сайланған


Алматы қаласы мәслихатының


хатшысы

Т. Мұқашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады