ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы" 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVII сессиясының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 288 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 желтоқсанда № 1518 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.04.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы" 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 914 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2011 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 101-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      аталған шешімнің қосымшасындағы:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиді

200

6.

Күйе

240

7.

Күкіртсутек

1 240

8.

Меркаптан

199 320

      ".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XХХVІІ сессиясының төрағасы
Н. Мұхамед-Рахимов
      VІ сайланған
Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады