Шал ақын ауданы аумағында тізімге алу жылы он жеті жасқа толатын, сонымен қатар бұдан бұрын шақыру учаскесінде тізімге алынбаған үлкен жастардағы Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тізімге алынуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2011 жылғы 18 қарашадағы N 32 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 13-14-139 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 5 қыркүйектегі N 2.13-03-13/589 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының 2012.09.05 N 2.13-03-13/589 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 2-тармағына және «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шал ақын ауданы аумағында тізімге алу жылы он жеті жасқа толатын, сонымен қатар бұдан бұрын шақыру учаскесінде тізімге алынбаған үлкен жастардағы Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тізімге алынуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Тінеев

      «Келісілді»

      Шал ақын ауданы қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығының уақытша
      міндетін атқарушы                          Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады