Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарын және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлау бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 2080 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 4-1-149 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы бойынша бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарын және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлау бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Н. Ерғалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                            М. Исмұратов

Қалалық әкімдіктің   
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 2080 қаулысына қосымша

Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарын және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлау бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Орналасқан жері

1

Махамбет-Абай көшелері қиылысындағы тұғырлықтар

2

Махамбет көшесінде орналасқан "Пассаж" дүкені маңындағы тұғырлықтар

3

Сатыбалдиев көшесінде орналасқан "Дина" базары алдындағы тұғырлықтар

4

"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы аялдама маңындағы тұғырлық

5

"Авангард" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы тұғырлық

6

Құрманғазы көшесінде орналасқан "Идеал" дүкені маңындағы тұғырлық

7

Құрманғазы көшесінде орналасқан "Шаңырақ" мейрамханасы маңындағы тұғырлық

8

Cәтпаев көшесі, № 14 Абай аялдамасы маңындағы тұғырлықтар

9

Сәтпаев–Владимирский көшелері қиылысында орналасқан "Өнерпаз" ғимараты алдындағы тұғырлықтар

10

Демалыс саябағындағы тұғырлықтар

11

"Ақ жайық" қонақ үйі алдындағы тұғырлықтар

12

Балықшы кенті, № 84 үй алдындағы стенд

13

Жұмыскер кенті, Бекмағамбетов көшесі, № 64 а "Мақсат" дүкенінің маңындағы стенділер

14

Ақсай селолық округі, Уәлиев көшесінде орналасқан Ақжар дәрігерлік амбулаториясы маңындағы стенд

15

Атырау селосы, Дамбы дәрігерлік амбулаториясы маңындағы стенд

16

Геолог селолық округі, № 65 а кітапхана ғимараты маңындағы стенд

17

Еркінқала селолық округі, Түсіпқалиев көшесі, № 1 "Ару аққу" мейрамханасы маңындағы стенділер

18

Қайыршақты селолық округі, Колхоз көшесі, № 2 "Іңкар" дүкені маңындағы стенд

19

Дамба селолық округі, Амангелді селолық Мәдениет үйі ғимараты маңындағы стенд

20

Кеңөзек селолық округі, Орталық көшесі, № 24 "Айзере" дүкені маңындағы стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады