Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Зеленов аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 17 қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 30 мамырдағы N 32-3 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 маусымда N 3062 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Ақжайық аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 тамыздағы N 24-2 және Ақжайық аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 шілдедегі N 202 "Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде, сонымен қатар Зеленов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 107 және Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 21-5 "Зеленов ауданының кейбір елді мекендерін тарату мен олардың бағыныстылығын өзгерту туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Зеленов аудандарының кейбір елді мекендері қосымшаға сәйкес таратылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ұйымдастыру, құқық мәселелері және мәдени саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                 Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов             М. Құлшар
                                  Облыстық мәслихат хатшысы
                                  М. Құлшар

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 26 қаңтардағы
N 17 қаулысы мен
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2011 жылғы 30 мамырдағы
N 32-3 шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысының
Ақжайық және Зеленов аудандары бойынша
таратылатын кейбір елді мекендер тізімі

Ақжайық ауданы бойынша:

      Есенсай ауылдық округіне қарасты "Ақшкол" ауылы;
      Жамбыл ауылдық округіне қарасты "Бұлан"ауылы;
      Қабыршақты ауылдық округіне қарасты "Үшқұдық" ауылы;

Зеленов ауданы бойынша:

      Дариян ауылдық округіне қарасты "Галицин" ауылы;
      Железнов ауылдық округіне қарасты "Соколовка"ауылы;
      Зеленый ауылдық округіне қарасты "Асерчев" ауылы;
      Краснов ауылдық округіне қарасты "Щучкин" ауылы;
      Мичурин ауылдық округіне қарасты "Абай" ауылы;
      Мичурин ауылдық округіне қарасты "Садовое" ауылы;
      Первосовет ауылдық округіне қарасты "Белоглинка" ауылы;
      Рубежин ауылдық округіне қарасты "Чулпан" ауылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады