2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 қыркүйекте N 2147 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінда 2011 жылғы 20 қазанда N 7-1-214 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы бойынша 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының күші 2011 жылғы 1 мамырдан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулы Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Түсіпқалиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

Қала әкімдігінің
      2011 жылғы 9 қыркүйектегі
      N 2147 қаулысына
      қосымша

2011 жылға арналған субсидияланатын
басым ауылшаруашылық дақылдарының
түрлері бойынша егістіктің оңтайлы
мерзімдерін айқындау туралы

N

Дақылдар түрі

Оңтайлы мерзімдері

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

15.05.11

25.05.11

2

Күздік бидай

25.08.11

10.09.11

3

Күздік қара бидай

05.08.11

20.08.11

4

Тары

15.05.11

25.05.11

5

Арпа

05.05.11

10.05.11

6

Сұлы

05.05.11

10.05.11

7

Дәнді бұршақты дақылдар

10.05.11

15.05.11

8

Майлы дақылдар

10.05.11

15.05.11

9

Картоп

10.05.11

05.06.11

10

Көкөніс

15.05.11

15.06.11

11

Бақша дақылдары

05.05.11

05.06.11

12

Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

05.05.11

08.05.11

13

Бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарында

15.05.11

20.05.11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады