Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7977 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 242 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына
ресми бағамын белгілеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ААЖ – Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпарат жүйелері;

      2) кросс-бағам – екі валютаның АҚШ долларына қатысты бағамынан құралатын олардың арасындағы баға белгіленімі;

      3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесі;

      4) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;

      5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді.

      Ұлттық Банк оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидаларға қосымшада (бұдан әрі – Қағидаларға қосымша) айқындалған.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қағидаларға қосымшада көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жұмыс емес күндері Ұлттық Банктің жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күніне белгілеген бағамдары қолданылады.

      6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады.

      Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдарын Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы белгіленген күні Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатты Қағидаларға қосымшаның нысаны бойынша олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындайды. Құжатқа Ұлттық Банк басшылығы не шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатқа қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық пошта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 № 94 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары туралы қол қойылған құжаттың түпнұсқасы тігіледі және уәкілетті бөлімшеде сақталады.

  Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу
қағидаларына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.06.2016 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шетел валютасының атауы

1

Австралия доллары (AUD)

2

Әзірбайжан манаты (AZN)

3

Армян драмы (AMD)

4

Белорусь рублі (BYN)

5

Бразилия реалы (BRL)

6

Венгрия форинті (HUF)

7

Корея Республикасының вонасы (KRW)

8

Гонконг доллары (HKD)

9

Грузин лариі (GEL)

10

Дат кронасы (DKK)

11

БАӘ дирхамы (AED)

12

АҚШ доллары (USD)

13

Еуро (EUR)

14

Үндістан рупиясы (INR)

15

Иран риалы (IRR)

16

Канада доллары (CAD)

17

Қытай юані (CNY)

18

Қырғыз сомы (KGS)

19

Кувейт динары (KWD)

20

Малайзия ринггиті (MYR)

21

Мексика песосы (MXN)

22

Молдова леясы (MDL)

23

Норвегия кронасы (NOK)

24

Польша злотыйы (PLN)

25

Ресей рублі (RUB)

26

Сауд Арабиясының риалы (SAR)

27

СДР (XDR)

28

Cингапур доллары (SGD)

29

Тәжік сомониі (TJS)

30

Тайланд баты (THB)

31

Түрік лирасы (TRY)

32

Өзбек сумы (UZS)

33

Украина гривнасы (UAH)

34

Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP)

35

Чех кронасы (CZK)

36

Швед кронасы (SEK)

37

Швейцария франкі (CHF)

38

Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)

39

Жапон йенасы (JPY)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады