Целиноград ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № А-4/170 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда 1-17-173 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 325 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.К.Жылқыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі                 А.Үйсімбаев

Целиноград ауданы 
әкімдігінің 2012 жылғы
8 мамырдағы № А-4/170
қаулысына қосымша 

Целиноград ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері

Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері

1.

Жаздық бидай

12 мамырдан 30 мамырға дейін

14 маусымға дейін

2.

Жаздық арпа, сұлы

20 мамырдан 3 маусымға дейін

14 маусымға дейін

3.

Бұршақ

20 мамырдан 28 мамырға дейін

14 маусымға дейін

4.

Қара құмық

25 мамырдан 2 маусымға дейін

14 маусымға дейін

5.

Рапс

15 мамырдан 27 мамырға дейін

14 маусымға дейін

6.

Күнбағыс

12 мамырдан 20 мамырға дейін

14 маусымға дейін

7.

Майлы зығар

15 мамырдан 28 мамырға дейін

14 маусымға дейін

8.

Азықтық (ағымдағы жылдың көп жылдық дәнді және бұршақ шөптері)

11 мамырдан 20 мамырға дейін

14 маусымға дейін

9.

Сүрлемге жігері

15 мамырдан 25 мамырға дейін

14 маусымға дейін

10.

Бір жылдық шөптер

12 мамырдан 10 маусымға дейін

14 маусымға дейін

11.

Картоп

11 мамырдан 20 мамырға дейін

14 маусымға дейін

12.

Көкөністер

12 мамырдан 14 маусымға дейін

14 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады