Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда № 3627 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-40/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-40/5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.06.2013 № 5С-16/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5С-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Қоса берілген Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.06.2013 № 5С-16/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-212 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған), «Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 5С-4/2 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-231 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XІІ сессиясының
      төрағасы                                   Қ.Шаяхметов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    Ә.Ғазиз

Бурабай аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 5С-12/4 шешімімен   
бекітілген      

Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.06.2013 № 5С-16/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес әзірленген және Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5С-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Бурабай ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 5C-29/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағиданың 1 тармағына өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 5C-29/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Ескерту. Қағиданың 3 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 5C-29/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.06.2013 № 5С-16/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиіс.
      6. Электр энергиясының шығын нормасын бір адамға айына 100 (жүз) киловаттан артық емес болып белгіленеді.
      7. Бурабай ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. Қағиданың 7 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 5C-29/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      9. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      10. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      11. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5C-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5C-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5C-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін тағайындамау туралы шешімді келесі жағдайларда шығарады:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн төлемдер, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы отбасының осы мақсаттарға белгіленген 10 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) тұрғын үй иесімен және жалдаушылармен (қосымша жалдаушыларымен) құжаттардың тізбесін толық тапсырмаса.
      Ескерту. Қағиданың 14 тармағына өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 5C-29/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      16. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегін алуға үміткердің жеке өтінішіне сәйкес коммуналдық қызметтерге бөлінетін тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер көрсетушілеріне қаражат аудару арқылы жасалады. Телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратындарға қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеуге төленеді, нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып есептеледі және тұрғын үйді күрделі жөндеу шығындарына өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі шоттарына аударылады.

3. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үй-жайларда тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      Ескерту. 3 тараудың атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.06.2013 № 5С-16/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген, отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу тұрғын үй иесіне, жалға алушыларға беріледі (тұрғын үйді жалға алғандығы туралы шарты болса).
      18. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген, отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны бір шаршы метрге жүз жиырма бес килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына бес тоннадан аспау керек.
      Коммуналдық қызметтерді тұтыну және аз қамтамасыз етілген табысы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларына (азаматтарға) жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратындарға қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеуге төленеді, нақты пайдаланылған қызмет шығынымен отырып есептеледі, бірақ белгіленген нормалардан артық емес.
      19. Қатты отын құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдай бойынша аудандық ақпарат және статистика бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа бағасы пайдаланылады.
      20. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды тағайындау мерзімі 1 қазаннан бастап 1 мамырға дейінгі мерзім есептеледі.
      21. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген, отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
      22. Сумен, газбен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы нақты тұтынылған тоқсанға қарай төлегені жөніндегі қоса ұсынылатын түбіртектерге сәйкес орта мөлшерде белгіленеді.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық тоқсандық табысын тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептейді.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 22 января 2013 года № 3627. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 3 марта 2015 года № 5С-40/5

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 03.03.2015 № 5С-40/5 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).

      Сноска. Заголовок в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2013 № 5С-16/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», стандартом оказания государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства» и регламентом государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденного постановлением акимата Акмолинской области от 3 апреля 2014 года № А-4/123 Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула решения - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.09.2014 № 5С-34/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим Бурабайском районе.
      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2013 № 5С-16/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. Признать утратившими силу решения Бурабайского районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району» от 21 октября 2011 года № С-38/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-212, опубликовано 8 декабря 2011 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч»), «О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 21 октября 2011 года № С-38/3 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району» от 18 апреля 2012 года № 5С-4/2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-231, опубликовано 24 мая 2012 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч»).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      XIІ сессии районного
      маслихата                                  К.Шаяхметов

      Секретарь
      районного маслихата                        У.Бейсенов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Бурабайского района                   Ә.Ғазиз

Утверждены     
решением Бурабайского
районного маслихата 
от 20 декабря 2012 года
№ 5С-12/4     

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим Бурабайском районе

      Сноска. Заголовок Правил в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2013 № 5С-16/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», стандарта государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства» и регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденного постановлением акимата Акмолинской области от 3 апреля 2014 года № А-4/123 и определяют размер и порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе.
      Сноска. Преамбула - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.09.2014 № 5С-34/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Бурабайском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам) проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) исключен решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 15.04.2014 № 5C-29/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 Правил с изменениями, внесенными решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 15.04.2014 № 5C-29/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Сноска. Пункт 3 Правил в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 15.04.2014 № 5C-29/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      4. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается в размере 10 процентов к совокупному доходу семьи.
      Сноска. Пункт 4 в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2013 № 5С-16/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      5. Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается тридцать квадратных метров, но не менее площади однокомнатной квартиры.
      6. Установить норму расхода электрической энергии не более 100 (ста) киловатт на одного человека в месяц.
      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Бурабайском районе.
      Сноска. Пункт 7 Правил в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 15.04.2014 № 5C-29/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      8. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости социальных программ Бурабайского района».

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      9. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, независимо от даты подачи заявления, при этом доходы семьи и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.
      10. При изменении суммы на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, изменении доходов семьи государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» производит перерасчет ранее начисленной жилищной помощи.
      11. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются согласно стандарта государственной услуги «Назначение жилищной помощи» утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства.
      Сноска. Пункт 11 - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.09.2014 № 5С-34/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      12. Исключен решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.09.2014 № 5C-34/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      13. Исключен решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.09.2014 № 5C-34/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      14. Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» выносится решение об отказе в назначении жилищной помощи в случаях если:
      1) оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно-допустимый уровень расходов семьи на эти цели 10 (десять) %;
      2) собственниками и нанимателями (поднанимателями) жилья предоставлен неполный перечень документов.
      Сноска. Пункт 14 Правил с изменениями, внесенными решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 15.04.2014 № 5C-29/1 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      15. В случае возникновения сомнения в достоверности информации государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» обращается в органы, уполномоченные производить проверки. При представлении в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.
      16. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» через банки второго уровня. Выплата жилищной помощи на коммунальные услуги, согласно личного заявления претендента жилищной помощи осуществляется путем перечисления денежных средств поставщикам коммунальных услуг. Компенсация за услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, возмещение затрат на приобретение твердого топлива малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим доход ниже черты бедности, проживающим в частном домостроении с местным отоплением и компенсация затрат на капитальный ремонт жилья зачисляется на личные счета заявителей в банках второго уровня.

3. Порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим доход ниже черты бедности, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением по возмещению затрат на приобретение твердого топлива

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 12.06.2013 № 5С-16/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      17. Жилищная помощь назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим доход ниже черты бедности, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением по возмещению затрат на приобретение твердого топлива, являющимися собственниками жилого дома, нанимателями (при наличии договора-аренды жилья).
      18. Для расчета жилищной помощи семьям (гражданам), имеющим доход ниже черты бедности, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением по возмещению затрат на приобретение твердого топлива, учитывать расход твердого топлива на один метр квадратный сто двадцать пять килограмм, согласно социальной нормы жилья, но не более пяти тонн угля на семью один раз в год.
      Потребление коммунальных услуг и возмещения затрат на приобретение твердого топлива малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим доход ниже черты бедности, проживающим в частном домостроении с местным отоплением устанавливаются исходя из фактического потребления, но не более установленных норм.
      19. Для расчета стоимости твердого топлива использовать средние цены по району, предоставляемые районным отделом статистики и информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи (март, июнь, сентябрь, декабрь).
      20. Для начисления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) имеющим доход ниже черты бедности, проживающим в частном домостроении с местным отоплением по возмещению затрат на приобретение твердого топлива за отопительный период считать период с 1 октября до 1 мая.
      21. При начислении жилищной помощи средний доход семьи (граждан), имеющим доход ниже черты бедности, проживающей в частном домостроении с местным отоплением по возмещению затрат на приобретение твердого топлива, рассчитывать за квартал, предшествующий кварталу обращения.
      22. Расходы за водоснабжение, газоснабжение, мусороудаление устанавливаются средние, исходя из фактического потребления за квартал, предшествующий кварталу обращения, согласно приложенных квитанций об оплатах.

4. Исчисление совокупного дохода семьи (гражданина) претендующей на получение жилищной помощи

      23. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 «Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде».