Әлімбет ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 маусымда № 3-6-143 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округінің әкімінің 24.03.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Әлімбет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Әлімбет ауылдық округінің Әлімбет ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:

      Қазақстан көшесі;

      Абай көшесі;

      Теміржолшылар көшесі.

      2. Әлімбет ауылдық округінің Шандыаша ауылының көшесіне "Орталық" атауы берілсін.

      3. Әлімбет ауылдық округінің Қызылсай ауылының көшесіне "Орталық" атауы берілсін.

      4. Әлімбет ауылдық округінің Богенбай ауылының көшесіне "Орталық" атауы берілсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әлімбет ауылдық
      округі әкімінің м.а. Н. Әбдірахманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады