Райымбек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының 2012 жылғы 05 қыркүйектегі N 7-47 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 24 қыркүйекте N 2127 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі N 19-105 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 30.09.2013 N 19-105 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңының 97-бабының 2-тармағына, 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 35–177 шешімінің (2010 жылғы 7 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2-15-86 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 17 сәуірдегі N 16 "Хан тәңірі" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, тіл, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С. Саниязов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Е. Кудабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Райымбек аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Х. Зыкаев
      05 қыркүйек 2012 жыл

Райымбек аудандық маслихатының
2012 жылғы 05 қыркүйектегі
"Райымбек ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін айқындау
туралы" N 7-47 шешіміне
қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін отбасының кәмелетке толған бір мүшесі;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. Учаскелік комиссиялардың құрамы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, пәтер иелерінің кооперативтерінің, тұрғындардың, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылады;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндеті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу шығындары жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Күтімге мұқтаж деп табылған бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын тұлғаларды, барлық топтағы мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын азаматтарды, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды қоспағанда, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген мүшелері бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Уәкілетті орган ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орны мен қоғамдық жұмыстарға қатысудан себепсіз бас тартқан, кәсіби даярлаудан, біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өтуді өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегін алу құқығын алты айға жоғалтады.
      Құрамында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында және ішкі істер органдарында жұмыс істейтін медицина, педагог, әлеуметтік және полиция қызметкерлері бар отбасыларына жергілікті бюджеттен коммуналдық төлем төленетіндіктен тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Мерзімді әскери қызметтегі, бас бостандығынан айыру орындарындағы және мәжбүрлеп емдеу орындарындағы адамдар отбасы құрамына есептелінбейді.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау

      4. Тұрғын үй көмегі тағайындалады – аудан елді мекендерінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады. Тұрғын үй көмегі өтініш беруші тиісті құжаттармен бірге өтініш білдірген тоқсанға тағайындалып, тоқсан сайын төленеді.
      Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар және тұрғын үйді (пәтерді) жалға беруші (қосымша жалға беруші) тұлғалар тұрғын үй көмегін өзі тұратын үйіне ғана алуға құқылы.
      Тұрғын үйдің иесі болып табылмайтын тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға қатысты тұрғын үйді жалға алып тұрып жатқаны және осы үйге иелік ететіні жайлы тұрғын үй иесінен сенімхат ұсынуға құқылы.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі селолық, кент округі әкіміне белгіленген үлгіге сәйкес өтініш береді және төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе селолық, кент округі әкімінен алынған отбасы құрамы жайлы анықтама);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың көшірмелері;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      7) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоты;
      8) жекеменшігінде бір үйден басқа үйі жоқ екендігі туралы анықтама (жылына бір рет ұсынылады);
      9) селолық, кент округі әкімінен алынған жеке қосалқы шаруашылығындағы малы және жері туралы анықтама (тоқсан сайын);
      10) салық төлеушінің тіркелу номері куәлігінің көшірмесі;
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтер берген жағдайда тұрғын үй көмегіне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.
      7. Селолық, кент округінің әкімі құжаттарды тіркеп, өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді және құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға тапсырады.
      Учаскелік комиссия селолық, кент округінің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттар мен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы қорытындыны селолық, кент округінің әкіміне ұсынады.
      Селолық, кент округінің әкімі өтініш берушілерден құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      8. Уәкілетті орган селолық, кент округінің әкімдерінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және тапсырылған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысының негізінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні селолық, кент округінің әкімі арқылы күнтізбелік бес күн ішінде жазбаша хабардар етеді. Өтініш берушінің отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына" сәйкес есептеледі. Ауыз су мен электр энергиясын пайдалану қызметтеріне ақы төлеудің орташа айлық мөлшері тұрғын үй көмегін тағайындатуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде төленген соманы үшке бөлу арқылы анықталады. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күмән келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      10. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      11. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      12. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар белгіленеді:
      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 кг (бір кішкене газ баллоны);
      2) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – бір айға 70 киловатт, 2 адамға – бір айға 140 киловатт, 3 адамға – бір айға 150 киловатт, 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – бір айға 180 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      4) жылу ақысы – 6 тонна көмірдің ақысын жыл ішінде екі тоқсанға бөліп беру;
      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару - белгіленген тиісті нормаларға сәйкес.
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға - нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот бойынша.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындап, төлеу үшін "Райымбек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынып, аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасары бекіткен коммуналдық қызмет ақысы бағаларының тарифтік нормалары басшылыққа алынады. Бұл тарифтік нормалар баға өзгерістеріне байланысты жыл сайын белгіленіп, бекітіледі.

3. Қаржыландыру және төлеу

      14. Тұрғын үй көмегін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      15. Тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган және көрсетілген операция түрлеріне лицензиялары бар банк филиалдары немесе басқа да ұйымдар арасында жасалған Агенттік келісім негізінде тағайындалған соманы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Қорытынды

      16. Уәкілетті органның шешіміне байланысты туындаған наразылықтар және осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады