Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 04-269 қаулысы және Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4-25 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 25 сәуірде N 2-18-145 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
      1) Гүлдала ауылдық округінің Қайрат ауылына жалпы көлемі 20,0 гектар жер қосылсын.
      2) Панфилов ауылдық округінің Қарабұлақ ауылына жалпы көлемі 67, 87 гектар жер қосылсын.
      2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Жұмағұлов Талғат Жапашұлына) жүктелсін.
      3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Т.Ә. Өмірәлиев

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Әукенов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Д.Ж. Теберіков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талғар аудандық жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Тұрысбеков Рүстем Бейсенұлы
      13 сәуір 2012 жыл

      "Талғар ауданы сәулет және
      қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Рысбеков Марат Тұқанұлы
      13 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады