Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 тамыздағы N 8-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 24 тамызда N 2-19-139 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі N 23-2 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 18.09.2013 N 23-2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н. Дауренбеков

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Н. Есжанов

Ұйғыр аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 06 тамыздағы
"Ұйғыр ауданындағы аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы" N 8-2 шешіміне
қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорының жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы кірістерінің жалпы сомасы;
      өтініш беруші – тұрғындық көмекті тағайындау үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегiн тағайындауды және төлемдi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар) жергiлiктi атқарушы органы;
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы Ұйғыр ауданында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Отбасының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасының орташа айлық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, барлық топтағы мүгедектерді қоспағанда, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген, ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспайтын еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Егер өтiнiш берушi толық емес немесе шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерiн берген жағдайда тұрғын үй көмегiне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға төленеді.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жеріндегі ауылдық, селолық округтің әкіміне өтініш пен төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      2) тұрғын үйге құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім шарты).
      3) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi немесе мекен-жай бюросының анықтамасы).
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға).
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе телекоммуникация қызметтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну анықтамасы (тоқсан сайын, өткен тоқсанның соңғы айы).
      7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      8) жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама (жылына бір рет).
      9) пәтерді жалдайтындығын растайтын ауылдық, селолық округі әкімінің анықтамасы (тоқсан сайын).
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      6. Ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және құжаттар қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытындысымен қоса тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      7. Уәкілетті орган кенттік, ауылдық округтің әкімдерінен қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күмән келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.
      9. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      10. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене газ баллон).
      2) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – 45 киловатт, 2 адамға – 90 киловатт, 3 адамға – 135 киловатт, 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) пеш жағатын тұрғын үйлерге бір календарлық жылға 4 тонна көмір (әр бір тоқсанға - бір тоннадан көмір).
      11. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Ұйғыр ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
      12. Тұрғын үй көмегiн төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екiншi деңгейлi банктердiң бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.

Қорытынды

      13. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады