Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 32 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда N 8-1-154 тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы ХХХІV сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 368 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-115 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдедегі N 080 (684) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLIII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы XXХIV сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 368 шешіміне толықтырулар енгiзу туралы" N 447 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-124 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 147 (751) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған
      Қарағанды қалалық мәслихатының
      кезектен тыс ІІ сессиясының
      төрайымы Л. Айтмағамбетова
      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы К. Оспанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Ж. Ысқақов

      16.04.2012 ж.

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2012 жылғы 16 сәуірдегі
N 32 шешімімен
бекітілді

Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2, 10-2, 41-2, 97 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 29 желтоқсандағы N 1626 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 қаулысына сәйкес әзірленді, Қарағанды қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындайды.

1-тарау. Негізгі ережелер

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) коммуналдық қызметтер – бұл тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрiздi, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (сонымен қатар қатты отын), қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;

      3) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң дара (бөлек) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда, жылжымайтын мүлiкке меншiктiң нысаны;

      4) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) отбасы – некеден (ерлi-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септiгiн тигiзуге арналған мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттерге байланысты адамдар тобы;

      6) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      7) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

      8) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бiр бөлiгiн ақысын төлетiп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті шығындары;

      10) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін беретін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      11) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      12) шот - өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 24.04.2013 N 153 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi); 18.07.2018 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті-жол берілген шығыстар үлесі зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектігі бар адамдар (жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдардан тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдар мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 3 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 4 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.05.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      бір адамға көлемді газ:

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:

      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 98 килограмм көмірден артық емес;

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) есептегенде 72 килограмм көмірден артық емес;

      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;

      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан аспағанда;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспау керек;

      3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындары, басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін белгіленген нормадан жоғары арналған шығыстарды төлеуді өтініш берушілер көрсетілетін қызметті берушімен жасалған шарттар шеңберінде жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысымен белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен көрсетіледі.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      9. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен әлде 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.05.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Жанжалды, даулы немесе қалыпсыз жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу сот тәртібімен шешіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз сомасын тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда, төлем тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар бір ай ішінде ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанның соңына дейін мерзімге оны алу үшін өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады. Өтініш берген ай болып қосымша құжаттармен бірге өтініш берген ай есептеледі.

      Ескерту. 13 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Отбасының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалануға шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген кезде, осы айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Тұрғын үй көмегін көрсету кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

      16. Тұрғын үй көмегін алушыларға күнтізбелік он күн ішінде өзінің тұрғын үйінің меншік нысаны, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.

5-тарау. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегі есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Табыстар туралы дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алу кезеңінде құзыретті органдардан тұлға туралы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 шешімімен.
      20. Алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 20 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.11.2019 N 461 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      21-тармақ 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеудің нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс.

      Ескерту. 21 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.

      23. Өтініш беруші туралы мәліметтерді нақтылау үшін, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының (азаматтың) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасайды.

6-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      24. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі.

      Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:

      1) алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      2) алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.

      Ескерту. 24 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

7-тарау. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 17.03.2021 N 29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      25. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

  Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
өтініш

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 338 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы
анықтама

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы
анықтама

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

20 __ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау
және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы
анықтама

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 23.10.2015 N 498 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады