Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 31 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 мамырда № 6417-09 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 32 "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-1-154 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

      3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті-жол берілген шығыстар үлесі зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектігі бар адамдар (жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдардан тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдар мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 3 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 4 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен әлде 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады