Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы N 13/09 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда N 8-9-133 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 21/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 03.06.2016 № 21/13 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.11.12 N 33/15 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамтуға қатысуы мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.11.12 N 33/15 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі
Е. Нашаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады