Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы N 369 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы N 19 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 25 сәуірде N 4301 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы Қызылорда қаласында 1 (бір) шаршы метрге 1230(бір мың екі жүз отыз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы мен шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда облысының әкімі                  Б. Қуандықов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезекті
      3-сессиясының төрағасы                     Қ. Бисенов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Еламанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады