"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 63 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 11 қаңтарда N 4387 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қоса берiлген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезекті
      12 сессиясының төрағасы                      І. Тілеп

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                         Б. Еламанов

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      2012 жылғы 6 желтоқсандағы
N 63 шешiмiмен бекітілген

       "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары

      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қызылорда облысының (Қызылорда қаласының, ауданның) әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметiнде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, бейбiтшiлiк пен достықты, ұлтаралық келiсiм мен татулықты нығайтуда қомақты үлес қосқан азаматтарға беріледі.
      2. Атақ облыс (қала, аудан) әкiмінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешiмімен берiледi.
      3. Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берiлуi мүмкiн.
      4. Атаққа ие болған тұлғаға куәлiк, төсбелгi берiледi және оның есiмi облыстық (қалалық, аудандық) тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматтары кiтабына енгiзiледi.
      5. Куәлiктi, төсбелгiнi және Облыстың, қаланың, ауданның құрметтi азаматтары кiтабын әзірлеу және жасап шығару тиісінше облыс, қала, аудан әкiмдерінің аппараттарына жүктеледi.
      6. Атақ беру туралы қолдаухатты облыс (қала, аудан) әкімінің атына жеке және заңды тұлғалар енгізеді. Түскен қолдаухаттар облыс (қала, аудан) әкiмінің жанындағы марапаттау комиссиясымен қаралады.
      7. Ұсынымға нақты сiңiрген еңбектері және наградалары туралы мәлiметтер қамтылған мінездеме, сондай-ақ, 3х4 сантиметр және 6х9 сантиметр көлеміндегi екi сурет қоса жалғанады.
      8. Атақ беру туралы қолдаухат қолдау таппаған жағдайда аталған қолдаухатты ұсынған тұлғаға заңнамада көзделген мерзімде оның себебі туралы түсіндірме беріледі.
      9. Облыс (қала, аудан) әкiмі облыс (қала, аудан) әкiмінің жанындағы марапаттау комиссиясының ұсынысын ескере отырып, кандидатураны облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың қарауына ұсынады.
      10. Куәлiк пен төсбелгi облыс (қала, аудан) әкiмімен және (немесе) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысымен салтанатты жағдайда тапсырылады.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      2012 жылғы 6 желтоқсандағы
      N 63 шешiмiне қосымша

       Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1) "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4225 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 25 сәуірдегі 78-79 сандарында, "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі 65 санында жарияланған.);
      2) "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 162 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4233 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 1 тамыздағы 149-150 сандарында, "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 1 тамыздағы 116 санында жарияланған.);
      3) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 196 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4241 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2010 жылғы 2 ақпандағы 21-22 сандарында, "Кызылординские вести" газетінің 2010 жылғы 6 ақпандағы 21 санында жарияланған.).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады