"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 84 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 8504-11 болып тіркелді

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларында:

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Куәлік пен төсбелгі облыс (қала, аудан) әкімімен және (немесе) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың төрағасымен салтанатты жағдайда тапсырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады