Маңғыстау облысының спортшыларына және спорттың ойын түрлері бойынша командалар құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай қаржыны белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 08 мамырдағы № 85 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 04 маусымда № 2131 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашада № 290 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.11.2014  № 290(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысы спортшыларын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ай сайын ақшалай қаржы (бұдан әрі – Қаржы) 65 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде спортшылардың мына санаттарына:
      әр алуан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда тұрақты жоғары спорт нәтижелерін көрсететін облыстың 10 спортшысына;
      спорттың ойын түрлері бойынша командалар құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамда, ай сайын ақшалай қаржы белгіленетін адамдардың тізбесін айқындайтын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.
      3. Қаржыны алуға үміткердің тізімдік құрамы Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысы бойынша жылына 2 рет Жұмыс тобының шешімімен анықталады.
      4. Қаржыны белгілеу туралы Жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
      Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған, спорттық режимді бұзған жағдайында, Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысы бойынша Жұмыс тобының шешімімен спортшыларға Қаржыны төлеу мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      5. Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Ш.Л. Илмұханбетова) осы қаулыдан туындайтын шараларын қабылдасын.
      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының:
      «Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2008 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 8 сәуірде жарияланған);
      «Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 13 қазандағы № 2787 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2059 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған);
      «Маңғыстау облысының жетекші спортшыларына ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 318 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2084 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Б. Мұхаметжанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Маңғыстау облысының
      туризм, дене шынықтыру
      және спорт басқармасының бастығы
      С.И. Пахомов
      08 мамыр 2012 жыл

      Маңғыстау облысының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы
      Ш.Л.Илмұханбетова
      08 мамыр 2012 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 08 мамыр
№ 85 қаулысына
1-қосымша

Ай сайын ақшалай қаржыны белгілеу үшін
спорттың ойын түрлері бойынша командалар құрамында өнер көрсететін спортшылар мен жаттықтырушылардың саны

Кәсіпорын атауы

Спортшылар мен жаттықтырушылардың саны

1.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» волейбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

6 адам

(4 спортшы,

2 жаттықтырушы)

2.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» баскетбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

16 адам

(14 спортшы,

2 жаттықтырушы)

3.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

27 адам

(25 спортшы,

2 жаттықтырушы)

Барлығы:

49 адам

(43 спортшы,

6 жаттықтырушы)


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 08 мамыр
№ 85 қаулысына
2-қосымша

Ай сайын ақшалай қаржы белгіленетін адамдардың тізбесін айқындайтын жұмыс тобының құрамы

Жұмашев

Қаныбек Бекболатұлы

жұмыс тобының жетекшісі,

облыс әкімінің орынбасары

Пахомов

Сергей Иванович

жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары, Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы

Елизарова

Рушания Фаритовна

жұмыс тобының хатшысы, Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары

жұмыс тобының мүшелері:

Анес

Бауржан Анесұлы

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Желкен спорты бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры

Бисенқұлы

Қабыл Темірханұлы

қазақша күрес бойынша облыстың аға жаттықтырушысы

Сарғұлов

Нұрым Амангелдіұлы

спорт ардагері

Пустоветов

Валентин Михайлович

спорт ардагері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады