Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 489 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 мамырда № 9-2-208 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін, әскерге шақыруды кейінге калдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп әскерге шақыру жөніндегі шараларды өткізу ұсынылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетін атқарудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздеуді жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Рудный
      қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________ Ғ. Шалтықов

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Рудный қалалық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас
      дәрігері
      _______________ Т. Қайкенов

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Рудный қалалық емханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас
      дәрігері
      ________________ П. Саенко

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Рудный қалалық психиатриялық
      ауруханасы" мемлекеттік
      мекемесінің бас дәрігері
      ________________ Н. Губенко

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Рудный туберкулезге қарсы
      диспансері" мемлекеттік
      мекемесінің бас дәрігері
      ________________ Қ. Міржақыпов

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысы Ішкі істер департаментінің
      Рудный қалалық ішкі істер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ Қ.Сатыбалдин

      "Рудный қаласы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесі құжаттамалық
      қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
      ______________________ Ш. Құлжанова

      "Рудный қаласы әкімдігінің
      Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ М. Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады