Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 50 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 тамызда № 9-14-180 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-135 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 қазанда "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері" қосымшасында:
      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі белгіленген нормалар шегінде жиынтық табыстан он процент мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезекті сессиясының төрағасы               В. Двуреченский

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________ В. Панин

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады