Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 180 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 тамызда № 9-16-147 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 139 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 24.06.2013 № 139 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылығы бөлiмi"
      ММ бастығы
      _______________ Ж. Тілеуғабылов

Әкімдіктің      
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 180 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша
оңтайлы себу мерзімдері

Жаздық бидай

  15 мамырдан 5 маусымға
 дейін

Күздік бидай

  15 тамыздан 1 қыркүйекке
 дейін

Күздік қара бидай

  15 тамыздан 1 қыркүйекке
 дейін

Сұлы

  15 мамырдан 5 маусымға
 дейін

Арпа

  15 мамырдан 5 маусымға
 дейін

Тары

  15 мамырдан 5 маусымға
 дейін

Қарақұмық

  15 мамырдан 5 маусымға
 дейін

Бұршақтұқымдас

  15 мамырдан 5 маусымға
 дейін

Майлы дақылдар

  18 мамырдан 30 мамырға
 дейін

Жемшөптік (ағымдағы жылдың
біржылдық, көпжылдық шөптері)

  30 сәуірден 15 шілдеге
 дейін

Бірінші, екінші және үшінші
өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас жемшөптік
көпжылдық шөптер (1 мерзім)

   20 сәуірден 31 мамырға
 дейін

(2 мерзім)

  5 шілдеден 1 тамызға
  дейін

Сүрлемдік жүгері және
күнбағыс

  15 мамырдан 31 мамырға
 дейін

Көкөніс-бақша дақылдары

  25 сәуірден 10 маусымға
 дейін

Картоп

  10 мамырдан 31 мамырға
 дейін

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін егілген
көпжылдық шөптер (1 мерзім)

  20 сәуірден 31 мамырға
 дейін

(2 мерзім)

  5 шілдеден 1 тамызға
  дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады