Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімін және Петропавл қаласында 2012 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі N 1881 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қазанда N 1893 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 21.01.2013 N 75 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау ережелерінің 12-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімі және Петропавл қаласында 2012 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Жұмабеков

Петропавл қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1881 қаулысына
қосымша

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері

р/к

Дақылдардың атауы

Өтінім беру мерзімі

Егу мерзімі

1

Қияр

2012 жылдың 15 қарашасына дейін

20.09.2012 жыл - 31.12.2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады