2012 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Ақжар ауданы аумағындағы азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 71 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 сәуірде N 13-4-139 тіркелді

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-4 Заңының 28, 2931-баптарына, 27-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара Қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігіне шұғыл әскери қызметке шақыруды, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізудің қоса берілген  кестесі бекітілсін.
      3. Селолық округінің әкімдері медициналық куәландыруды өткізу үшін және әскери қызметті өту үшін әскерге шақырушылардың кетуін қамтамасыз етсін.
      4. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражатынан шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыру жөніндегі іс-шараларға шығындардың уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Аудан әкімі аппаратының басшысы әскерге шақыру кезіеңіне 2 бірлік көлемінде қызмет көрсететін адамдарды және техникалық жұмысшыларды уақытша жұмысқа қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Ақжар ауданының әкімі                      А.Тастеміров

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының қорғаныс
      істер жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Тұрабай
                                                 Талғат Сайлауұлы

2012 жылғы 19 наурыздағы № 71
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

2012 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізудің кестесі

Селолық округтің атауы

мөлше
рі

Комиссияны өту күндері

02.04
2012ж

03.04
2012ж

04.04
2012ж

1

Ленинград селолық округі


43



2

Талшық селолық округі



45


3

Ақжарқын селолық округі




5

4

Алқатерек селолық округі


2



5

Восход селолық округі





6

Құлыкөл селолық округі





7

Айсары селолық округі


1



8

Новосел селолық округі





9

Май селолық округі





10

Ұялы селолық округі





11

Кенащы селолық округі




1

12

Кішіқарой селолық округі




10


Барлығы:

150

46

45

16

кестенің жалғасы


05.04
2012ж

06.04
2012ж

бар
лығы

01.10
2012ж

02.10
2012ж

03.10
2012ж

04.10.
2012ж

05.10.
2012ж.




30









40









9






5





5






5



15






6




3





10






13



5






3


8






13






5








8



15

28

140

38

40

22

18

22

      Ескерту: шақыру комиссияны өтпеген азаматтар бойынша шақыру комиссияның отырысы аптасына бір рет сәрсенбі, көктемгі шақыруда 2012 жылдың 30 маусымға дейін, күзгі шақыруда 2012 жылдың 30 желтоқсанға дейін өтіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады