Ай сайынғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 215 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 маусымда № 4-3-176 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 06 ақпандағы № 69 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Махамбет аудандық әкімдігінің 2013.06. № 69 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 "Махамбет ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға 3158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына);
      3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге;
      4) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына.
      2. Материалдық көмекті көрсету және төлеу бойынша уәкілетті органы болып "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Арстановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады