2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы N 253 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 мамырда N 14-15-139 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 03-228 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 03-228 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 1 наурыздан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Оспановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М.Мараим

      Шардара ауданы әкімдігінің
      2012 жылғы 3 мамырдағы
      № 253 қаулысына қосымша

      Шардара ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақылдар түрі

Оңтайлы мерзімдері

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Майлы дақылдар

01.03.2012ж.

01.05.2012ж.

Егістік және суармалы жерлер

2

Жоңышқа

20.03.2012ж.

01.05.2012ж.

Егістік және суармалы жерлер

3

Жүгері

20.04.2012ж.

15.06.2012ж.

Суармалы жерлер

4

Көкөніс және бақша өнімдері

10.03.2012ж.

25.06.2012ж.

Суармалы жерлер

5

Картоп

10.03.2012ж.

25.06.2012ж.

Суармалы жерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады