Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қазанда № 3097 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2012 жылғы 11 қыркүйектегі
№166 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

      Ескерту. Орналастырылуы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2024 № 24 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

1

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 49, "Оптима" кітап дүкені

2

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 153 үй, 66 үй-жай, "Книги" кітап дүкені

3

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 150 үй, 100 үй-жай, "Книжник" кітап дүкені

4

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 105 үй, 13 үй-жай

5

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі 13, "Жарсуат" сауда үйі

6

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 104 м, "Muslimstore07" дүкені

7

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев көшесі 64, "Жарқын" сауда орталығы 24 бутик.

8

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нурпеисова көшесі 12/2, "На театральной" сауда үйі №3 бутик

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады