Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 7325-07 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2024 жылғы
9 ақпандағы № 24 қаулысына
қосымша
  2012 жылғы 11 қыркүйектегі
№166
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

1

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 49, "Оптима" кітап дүкені

2

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 153 үй, 66 үй-жай, "Книги" кітап дүкені

3

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 150 үй, 100 үй-жай, "Книжник" кітап дүкені

4

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 105 үй, 13 үй-жай

5

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі 13, "Жарсуат" сауда үйі

6

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 104 м, "Muslimstore07" дүкені

7

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев көшесі 64, "Жарқын" сауда орталығы 24 бутик.

8

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нурпеисова көшесі 12/2, "На театральной" сауда үйі №3 бутик


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады