"Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылдың 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 190 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 3723 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 2 және 3 тармақтарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 3-1-140 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйекте № 115 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесіндегі:

      1 тармақтың 1) тармақшасының соңғы азат жолы алынып тасталсын;

      2 тармақтағы:

      екінші азат жолында ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр знергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының" сөздері алынып тасталсын;

      үшінші азат жолында ", тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептегіштiң құнына" сөздері алынып тасталсын;

      3 тармақтағы ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері алынып тасталсын;

      9 тармақтағы ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері алынып тасталсын;

      13 тармақтағы ", тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясының бiр фазалық есептегішінің құны" сөздері алынып тасталсын;

      18 тармақтың екінші азат жолында "және тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1 - ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептегіштің құнының" сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      Ә. Тасимов С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады