Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 99 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 сәуірде № 3565 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 22.12.2016 № 87 шешімімен (алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 21.10.2014 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарғалы аудандық мәслихатының "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3-6-73 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 қарашадағы аудандық "Қарғалы" газетінің № 54 санында жарияланған) шешіміне мынандай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақтағы "мәдениет және спорт" сөздері "мәдениет, спорт және ветеринария" сөздерімениалмастырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы хатшысы
      Н. Альбекова Х. Жылқыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады