Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қазандағы № 243 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 4077 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 22.12.2016 № 87 шешімімен (алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Занының 43-1 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер қосымшаға сәйкес енгізілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      И.Кудря Х. Жылқыбеков

  Қарғалы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 21 қазандағы № 243 шешіміне
Қосымша

Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер тізбесі

      1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылдың 22 қазанындағы № 90 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3-6-73 санымен тіркелген, 2008 жылдың 18 қарашасындағы аудандық "Қарғалы" газетінің № 54 санында жарияланған шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің атауындағы "ауылдық (селолық) жерде" деген сөздер "ауылдық елді мекендерде" деген сөздермен алмастырылсын.
      2. Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылдың 29 наурыздағы № 99 "Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді_мемлекеттік_тіркеу_Тізіліміне_№_3565_санымен_тіркелген), 2013_жылдың 1 мамырдағы аудандық "Қарғалы" газетінің №_18_санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      шешімінің_атауындағы_"ауылдық_(селолық) жерде"_деген сөздер "ауылдық елді мекендерде" деген сөздермен алмастырылсын.
      3. Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылдың 30 шілдедегі № 136 "Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3641 санымен тіркелген, 2013 жылдың 5 қыркүйегінде аудандық_"Қарғалы" газетінің _№_36 _санында жарияланған)_шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің_атауындағы "ауылдық (селолық) жерде" деген сөздер "ауылдық елді мекендерде" деген сөздермен алмастырылсын.
      4. Қарғалы аудандық мәслихатының 2014 жылдың 16 сәуірдегі № 212 "Қарғалы аудандық мәслихатының_2008 жылдың 22 қазандағы № 90 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3882 санымен тіркелген), 2014 жылдың 15 мамырындағы аудандық "Қарғалы" газетінің № 20 санында жарияланған шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Шешімнің атауындағы "ауылдық (селолық) жерде" деген сөздер "ауылдық елді мекендерде" деген сөздермен алмастырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады