Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20 сессиясының 2013 жылғы 10 шілдедегі N 196 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 шілдеде N 2375 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2013 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының келесі мөлшерлері ұсынылсын:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданның бюджет және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Н. Кобжанов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады