Махамбет ауданы бойынша ауылдық округтер әкімдеріне үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін кандидаттарға орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 373 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 2753 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 09 қазандағы № 517 қаулысымен

      Ескерту. Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 09.10.2013 № 517 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Махамбет аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Махамбет ауданы бойынша ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. "Махамбет ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Махамбет ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Қалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жаңабаев

КЕЛІСІЛДІ:
Махамбет аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы                    М. Мырзашев
19 шілде 2013 ж.

Аудандық әкімдіктің  
2013 жылғы 19 шілде № 373
қаулысына қосымша   

Махамбет ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кадидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізімі

Селолық округтердің атаулары

Орналасқан орны

1

Махамбет

"Махамбет селолық округ әкім аппараты" ғимаратының алдынғы және Орталық алаңдағы тұғырлық

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы тұғырлық

Сарытоғай селосының И. Тайманов және Қ. Қалбеков көшелерінің қиылысындағы тұғырлық

2

Жалғансай

"Рашид" дүкенінің қасындағы тұғырлық

3

Есбол

Ортақшыл селосының "Батима" дүкенінің қасындағы тұғырлық

"Абылайхан" дүкенінің қасындағы тұғырлық

Еңбекшіл ауылының "Альвира-Эльвира" дүкенінің қасындағы тұғырлық

4

Алға

Орталық көшесіндегі тұғырлық

5

Ақжайық

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "БАКЖАЙЫК" ғимаратының алындағы тұғырлық

6

Алмалы

Бейбітшілік көшесіндегі тұғырлық

Береке ауылының Түсіпқалиев көшесіндегі тұғырлық

7

Бейбарыс

Әйтеке би көшесіндегі тұғырлық

Талдыкөл ауылының Ж. Жабаев көшесіндегі тұғырлық

8

Сарайшық

А. Иманов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы тұғырлық

"Сарайшық психиатриялық жүйке аурулары интернаты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдынғы тұғырлық

9

Бақсай

"Бақсай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдынғы тұғырлық

10

Ақтоғай

"Ақтоғай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдынғы тұғырлық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады