Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 326 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 2746 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 тамыздағы № 393 қаулымен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық әкімдігінің 2013.08.13 № 393 қаулымен
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. "Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Құрманғазы ауданы әкімідігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Құрманғазы аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Қалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Баракатов

КЕЛІСІЛДІ:

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы                           А. Изжанов
05 шілде 2013 ж.

Аудан әкімдігінің  
2013 жылғы 5 шілде № 326
қаулысына қосымша  

Құрманғазы ауданы бойынша ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Р/с

Орналасқан жері

1

"Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" мемлекеттік кәсіпорынының алдыңғы алаңындағы стенд, Ганюшкин селосы, Абай көшесі, 50 үй

2

"М. Әуезов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд, Ганюшкин селосы, Школьная көшесі 1 үй

3

"Б. Бегалиев атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд, Ганюшкин селосы, Атырау көшесі, 10 үй

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады