2012-2013 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 243 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2349 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 01-3-1/371 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 24.01.2014 № 01-3-1/371 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы бойынша 2012-2013 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қожағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 5 қазаннан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Кентау қаласының әкімі                     Б.Байсалов

Кентау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 15 шілдедегі
№ 243 қаулысына қосымша

Кентау қаласы бойынша 2012-2013 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақылдар түрі

Егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Күздік бидай

05 қазан

25 қараша

Егістік және суармалы жерлер

2

Жаздық бидай

25 ақпан

15 наурыз

Суармалы жерлер

3

Көкөніс және бақша өнімдері

20 наурыз

15 мамыр

Суармалы жерлер

4

Мақта

25 сәуір

25 мамыр

Суармалы жерлер

5

Жүгері

15 сәуір

20 мамыр

Суармалы жерлер

6

Мақсары

15 наурыз

20 сәуір

Суармалы жерлер

7

Жоңышқа

15 наурыз

15 сәуір

Суармалы жерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады