2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 158 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 20 маусымда № 2316 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 223 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының  28.01.2014 № 223 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Созақ ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                А.Аймұрзаев

Созақ аудан әкімдігінің
«4» маусым 2013 жылғы
№ 158 қаулысына қосымша

2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақыл түрі

Егістіктің оңтайлы мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Майлы дақылдар

02.04.2013 ж

30.04.2013 ж

Егістік және суармалы жерлер

2

Жоңышқа

10.04.2013 ж

15.05.2013 ж

Егістік және суармалы жерлер

3

Жүгері

20.04.2013 ж

25.05.2013 ж

Суармалы жерлер

4

Көкөніс және бақша өнімдері

15.05.2013 ж

01.06.2013 ж

Суармалы жерлер

5

Картоп

01.05.2013 ж

30.05.2013 ж

Суармалы жерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады