Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 3851 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 258 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.02.2016 № 258 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Р. Кенжегарин
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Кайрушев
      КЕЛІСІЛДІ
Ақтөбе облысының
әкімінің орынбасары
С. Нұрқатова
14 сәуір 2014 ж.

  Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.03.2015 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2015 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      Келесі санаттарға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерінде;
      мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерінде;
      қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерінде;
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерінде;
      онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әр түрімен ауыратын азаматтар амбулаторлық емдеу мерзімі уақытында (жылдың 6 айға дейінгі шекте) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерінде;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай - 30 мың теңге мөлшерінде;
      үйден оқытылатын мүгедек балаларға оқу жылы мерзімінде, "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімдеріне сәйкес 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Алға ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады