Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 195 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 4277 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 258 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.02.2016 № 258 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3851 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда аудандық "Жұлдыз-Звезда газетінің № 21 жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тоғызыншы абзацтағы "туберкулездің әр түрімен ауыратын азаматтар" сөздерінен кейін "амбулаторлық" деген сөзбен толықтырылсын;
      және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "үйден оқытылатын мүгедек балаларға оқу жылы мерзімінде, аудандық білім бөлімімен ұсынылған тізімдеріне сәйкес 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін".
       Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Аудандық мәслихаттыңхатшысы:
      Қ. Нұрғалиев А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады