Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 108 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 3881 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 372 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 04.11.2014 № 372 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарғалы ауданы бойынша 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Р.Сыдықов

  Қарғалы ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы 15 сәуірдегі
  № 108 қаулысына
  1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Тұрғылықты жердің атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны (адам)
1
Бадамша ауылы
100
 
Барлығы
100

  Қарғалы ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы 15 сәуірдегі
  № 108 қаулысына
  2 қосымша

Бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Бір тәрбиелену шіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар
Балабақшалар
(бөбекжайлар)
қатты отынымен жылыту
электр, газ немесе орталықтан жылыту
1 топтан 3 топқа дейін
4 топтан 5 топқа дейін
6 топтан 7 топқа дейін
8 топтан 9 топқа дейін
10 және одан да көп топтарға дейін
1 топтан 3 топқа дейін
4 топтан 5 топқа дейін
6 топтан 7 топқа дейін(Топта 20-дан көп емес бала)
6 топтан 7 топқа дейін(Топтың сыйымдылығы 25 баладан асады)
8 топтан 9 топқа дейін
10 және одан да көп топтарға дейін
 
27490
 
 
 
43500
23531
21105
13450
 
 

  Қарғалы ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы 15 сәуірдегі
  № 108 қаулысына
  3 қосымша

Бір тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар
Балабақшалар (бөбек-балабақшалар)
Ұйымдарда болу ұзақтығымен
9 сағат
10, 5 сағат
12 сағат
300
400
420

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады