"Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы N 26/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда N 4604 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы N 53/2 шешімімен

      Ескерту Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 01.02.2016 N 53/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шiлдедегi N 19/2 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2013 жылғы 13 тамызда N 4490 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетiнде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (1004), "Ел тілегі" газетінде 2013 жылғы 21 тамыздағы N 34 (298) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда қалалық
      мәслихаттың кезектен тыс
      ХХVI сессиясының төрайымы Г. ЖҰМАШЕВА
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

  Қызылорда қалалық мәслихатының
2014 жылғы "18" қаңтардағы
кезектен тыс ХХVI сессиясының
N 26/3 шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2013 жылғы "16" шілдедегі
кезектен тыс ХIХ сессиясының
N 19/2 шешiмiне қосымша

Қызылорда қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу үшiн орындар

      1. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлiк орталығының аумағындағы саябақ (Е. Әуелбеков көшесi, N 41).
      2. М.Ералиева атындағы мәдениет үйi ғимаратының алдындағы алаң (Ә. Қашаубаев көшесi, нөмiрсiз).
      3. Тасбөгет кентiндегi "Жеңiс" саябағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады