"Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 153 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы N 192 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қарашада N 4802 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 25.10.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №153 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4649 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінде 2014 жылы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Арал аудандық мәслихатының
кезектен тыс отыз екінші
сессиясының төрағасы
Арал аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
уақытша атқарушы
М.Жулдасбаев
 
 
А.Асанбаев

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады