Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда № 2450 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.12.2023 № 9/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 14.04.2022 № 17/138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "Тенге" деген сөз "Теңге" деген сөзбен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 26.10.2015 № 43/356 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 14.04.2022 № 17/138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 14.04.2022 № 17/138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алынып тасталды-. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 18.07.2017 № 11/139 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбековке) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н.Нұрболғанов

      Қалалық мәслихат

      хатшысы С. Мыңбай

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233
шешімімен бекітілген

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 14.04.2022 № 17/138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      6. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаөзен қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауыл әкімінің аппаратына беріледі.

      12. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады