Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 215 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 4988 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 320 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 27.08.2020 № 320 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың


кезектен тыс


сессиясының төрағасы

Қ. Әбікеев

Алтынсарин аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Есмұханов

КЕЛІСІЛГЕН:


Қостанай облысы Алтынсарин


ауданының Докучаев ауылдық


округінің әкімі


______________ Е. Көпейшин



  Мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 215 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының
Докучаев ауылдық округінің жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны

(адам)

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округінің Докучаевка ауылының тұрғындары үшін

50

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округінің Шоқай ауылының тұрғындары үшін

30

  Мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 215 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының
Докучаев ауылдық округінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Алтынсаринның ауданы Докучаев ауылдық округінің (бұдан әрі Докучаев ауылдық округі) аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Докучаев ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды

      өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Докучаев ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Алтынсарин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Докучаев ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Докучаев ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Докучаев ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Докучаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Докучаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Докучаев ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтынсарин аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Докучаев ауылдық округі өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Докучаев ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады