Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 241/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 269/32 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 09 қазанда № 4094 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 451/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2020 № 451/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті ХХХ сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 241/30 шешіміне (бұдан әрі - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 "Отарқа" газетінде, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 2-тармағындағы "сайлаушыларының" сөзі "ауыл тұрғындарының" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары 1-тармағында "және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу" сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы В.Ф.Егер
Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ. Құспеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады