Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 318 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда N 2959 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 05.01.2015 N 01 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тұрысбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2014 жыл 15 қыркүйектегі № 318 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге
сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты арамшөптен тазарту.
      6. Қоқысты жинау және шығару.
      7. Жас бұтақтарды кесу.
      8. Ағаштарды кесу.
      9. Ағаштарды әктеу.
      10. Ағаштар егу.
      11. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
      12. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      13. Шөптi шабу.
      14. Ғимараттарды әктеу.
      15. Ғимараттарды сырлау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады